Алматы облысында автожол жабылды

Алматы облысында автожол жабылды
Сурет: N-vartovsk.ru

Автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жарылыс жұмыстарына байланысты Алматы облысындағы тас жол жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жарылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі 2022 жылғы 7 маусым күні сағат 9:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожол учаскесі (45-86 ш.) автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды», - делінген хабарламада.