Алматы облысында төрт ауыл табиғи газға қосылады

Алматы облысында төрт ауыл табиғи газға қосылады
Сурет: Svoi.kr.ua

Жоба аяқталу сатысында.

Талғар ауданының Ақдала, Ақтас, Жалқамыс ауылдарында мемлекеттік жекеменшік әріптестік  бағдарламасы бойынша газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Ақдала кенті бойынша 200 тұрғын көгілдір отынға қосылуда, Ақтас кенті бойынша 80 абонент табиғи газды қосуға ниет білдірсе, ал Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға газ тарату желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада жұмыстар аяқталады.

Алматы облысының әкімдігі әрбір тұрғынның газ қосуы үшін барлық мүмкіндікті жасамақ.

“Абоненттерді қосу құны 180 мың теңгеден аспайды, - дейді Алматы облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.

Талғар қаласының Аққу ықшамауданында 300 абонент үшін газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба аяқталу сатысында.