Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде пробация есебінде тұрғандар арасында спартакиада өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде пробация есебінде тұрғандар арасында спартакиада  өтті
Сурет: Polisia.kz

Спартакиада спорттың 5 түрінен өтті. 

Алматы облыстық прокуратурасының бастамасымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қолдауымен Алакөл аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында спартакиада өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – өз елінің заңға бағынатын азаматы ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес әрбір сотталған адамның жеке басын қалыптастыру, жеке тұлға ішінде де, отбасы шеңберінде де моральдық-психологиялық ахуалды реттеу және болашаққа оң көзқарас қалыптастыру.
Спартакиада соныңда жарыс жеңімпаздары марапатталды.

«Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу, сондай-ақ моральдық және идеологиялық рухты көтеру», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.