Алматы көшелеріне 3 450 тонна құм себілді

Алматы көшелеріне 3 450 тонна құм себілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының коммуналдық қызметтері қар тазалау үшін 400 ден астам техника бірлігі мен мыңдаған жұмысшыларды жұмылдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

14-15 қаңтарда Алматы қаласында биіктігі 4,5 мм жаңбыр мен сілбі қар түрінде жеңіл жауын-шашын болды, 15 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап қар қатты жауа бастады. 16 қаңтарда сағат 10:00 - де қалада 8 см - ге дейін қар жауды, Каменское платода -26 см, Шымбұлақ пен Үлке Алматы өзенінде 46 см.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 156 құм таратқышпен көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себілді. 16 қаңтарда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 3 450 тонна КҚМ пайдаланылды.

Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 11 колонна қар күреді. Қазіргі уақытта жол жиектеріндегі қар тазартылды әрі қарды сыртқа шығару ұйымдастырылды.

176 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді механикаландырылған жинау жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін жұмысшылар тазартуда. Қар тазалауға 438 бірлік техника мен 1 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.