Алматы-Қорғас тас жолына қатысты тексеріс басталды

Алматы-Қорғас тас жолына қатысты тексеріс басталды
Сурет: Gov.kz

Бұл жолдың ақауы жайында бұрын да хабарлағанбыз.

132 млрд теңгеге салынған «Алматы-Қорғас» тас жолына сыбайлас жемқорлыққа күрес өкілдері тексеріс бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

5 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген халықаралық маңызы бар жол күннің ыстығына шыдас бермей көтеріліп кеткен.

Ақау Алматы-Қорғас тас жолының 190-шақырымында болған. Қазір бүлінген жер жамалған. Ал агенттіктің Алматы облысындағы өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап, арнайы тексерісті бастады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Алматы облысындағы жол құрылысы 2017 жылы аяқталды. Жолға берілген кепілдік мерзімі 2019 жылы өтіп кеткен.

«Жобалау кезінде «компенсационный шов» деген болады. Сол 500-600 метр сайын салынып отырған. Алайда ол жеткіліксіз. Мысалы Дубайда 80-100 метр аралығында болып табылады. Сондықтан қысым болғаннан кейін ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтеріліп жатыр», деді Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекенов.