Алматы қаласында сайлау барысы бақылауда

Алматы қаласында сайлау барысы бақылауда
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша ҚР Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығы алаңында «Ел ертеңі» ҚҚ мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.

Тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскелерінде 17.00-дегі уақыт бойынша ешқандайда құқықбұзушылық тіркелмегенін атап өтті. Саясаттанушы Талғат Жанысбай азаматтарды дауыс беруге, сайлау учаскелерінде бақылаушы болуға шақырды.

 «Алматы қаласы бойынша бір ай бұрын қоғам белсенділерін жинақтадық, азаматтарымызды бақылаушы болуға шақырдық. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 531 сайлау учаскісін толық қамтып отырмыз. Қазіргі уақыттағы деректер бойынша, Алматы қаласында, басқа өңірлерге қарағанда, сайлау процесі, сайлаушылардың сайлауға баруы төмендеу. Соңғы ақпараттар бойынша 25% көрсеткіш көрсетіп тұр. Бізде сәт сайын өзіміздің бақылаушылармен байланысып, әлеуметтік желілер арқылы жылдам хабар алмасып жатырмыз. Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелерінде бір сарында өтіп жатыр. Қазіргі уақытта 17.00- де ешқандайда құқықбұзушылық, заң бұзушылық фактілер орын алған жоқ. Сол себептен бұл сайлауды жоғарғы деңгейде және  әділ өтіп жатыр деп айтуға болады», - дейді саясаттанушы, тарихшы, саяси белсенді Талғат Жанысбай.

Сондай-ақ, спикерлер журналистердің сурақтарына жауап беріп, сайлаудың ерекшелігіне тоқтолып өтті.

«Халықтың сайлауға деген құлшынысы, белсенділігі артқан. Сайлаушылар институты қалыптасқан. Сондықтан да басқа сайлауға қарағанда осы жолғы сайлау мәдениетінің артқандығымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта жастардың арасында сайлау әділ өтпейді деген жаңсақ пікірлер баршылық. Бұл стереотипті бұзу үшін өзім де тәуелсіз бақылаушы болуға бел байладым», - дейді блогер, журналист Анастасия Ульченко.