Алматы қаласында қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында қар тазалау бойынша ақпарат
Сурет: Әкімдік

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 126 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 17 қарашада сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2856 тонна материал пайдаланылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, қалада 8-10 см қар жауды, тау бөктерінде – 16 см-ге дейін қар жауды, таулы аудандарда – 21 см-ге дейін. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар шығару жұмыстары басталды. 105 м3 қар шығарылды.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі кезеңде 414 бірлік техника, оның ішінде 126 құмшашқыш, сондай-ақ 379 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Таңертең қала көшелеріне 452 бірлік техника және 1280 жол жұмысшысы шығарылды. 

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Құрметті алматылықтар!

Қардың түсуіне және ауа температурасының төмендеуіне, тұманға, жолдар мен тротуарлардағы ауа ылғалдылығының жоғарылауына байланысты көктайғақ, мұз пайда болады деп болжануда. 
Жүргізушілерді апаттар қаупінің жоғарылауына байланысты жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз.


Жаяу жүргіншілерден тротуарларда жүргенде абай болуды, шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша күндізгі уақытта жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз 17 қараша – 0...+2°С.