Алматы қаласы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Алматы қаласы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды
Сурет: ҚР ТЖМ

Бұған дейін бұл қызметте болған басшының сотталып кеткенін бұрын хабарлағанбыз.

ҚР ТЖМ бұйрығымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Нұрлан Атығаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.