Азиада жүлдегерлері алматылықтарды Республикасының күнімен құттықтады

Азиада жүлдегерлері алматылықтарды Республикасының күнімен құттықтады
Сурет: Қайрат Қоныспаев

XIX-жазғы Азия ойындары: алматылық спортшылар өздері қатысқан жарыстар туралы айтып берді

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX-жазғы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер арасында алматылық спортшылар да бар. Олар өздерінің жетістіктері және нәтижелерімен Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында бөлісті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Денис Ровкин біздің спортшылардың қалай өнер көрсеткенін айтып, келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

«Азиада турнирі биылғы жылы біз үшін соңғы болды және жағажай волейбол маусымын осындай жақсы нотада аяқтағанымыз өте қуанышты. Қазақстандық жағажай волейболына арналған Азия ойындарындағы қола медаль біздің қоржынымызда 2014 жылғы алтын медальдың барына қарамастан, үлкен жетістік. Бірақ қазіргі уақытта бұл біз үшін өте жақсы, жоғары жетістік. Біздің жақын жоспарымызда Олимпиада ойындарына іріктеуден өту керек, оның екінші кезеңі Қазақстанда өтеді», - деді Д.Ровкин.

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасының қоржынына Сергей Боготу мен Дмитрий Яковлев қола медаль салды. Спортшылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, жазғы Азия ойындарына қатысу тәжірибесі туралы айтып берді.

«Жалпы,бұл -  менің Азия ойындарына екінші рет қатысуым. Турнирге  бір апта қалғанда мен ауырып қалдым, жолда, яғни ұшақта ойындар басталғанға дейін біртіндеп өз-өзіме  келе бастадым. Ойындар өте жақсы өтті, біз бәрін жасадық және әр ойын  айын көтеріліп отырдық. Біз іс жүзінде әлсіздеу ойнадық, нәтиже мүлдем басқаша болуы мүмкін еді, өйткені команда өте мықты болды. Бұл команда ең мықты жұптарды жеңді, және біздің олармен қалай ойнағанымызды көру керек еді. Шын мәнінде, біздің жұпқа арналған турнир тарихи сәт болды, бұл медаль біздің спорт түріне қажет еді», - деп атап өтті Сергей Боготу.

Оның серіктесі Яковлев Дмитрий жарыс кезінде ауа - райы жиі өзгергенін атап өтті - спортшылардың жаңбырлы ауа-райында да, жоғары температурада да, қатты желде де ойнауға тура келді. 

«Біздің спорт түрінің ерекшелігі – біздің кез-келген ауа-райында ойнауға дайын екендігімізде.  Ауа-райына шынымен бейімделе алатын адам медаль жеңіп алып, матчта жеңіске жетеді. Сондықтан біз үшін бәрі жақсы болды, бәрі ұнады», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, оқ атудан өнер көрсеткен спортшылар, Азия ойындарының қола жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтбаев ауа-райының қолайлы болғанын атап өтті.  Оқ ату жабық жерде де, ашық жерлерде де өткізіледі.

«Ауа-райының біз үшін де маңызы зор. Өте  ыстық болып, қапырық тұрды, бірақ біз медаль алған 10 метрлік қашықтық  жабық жерде өткізіледі, және мұндай кезде  әдеттегідей, кондиционерлердің қосылып тұратыны белгілі, сыртқы және ішкі температураның төмендеуі де әсер етеді, бірақ біздің мұндаймен ұшырасуымыз бірінші рет емес, сондықтан мұндай жайттарға алдын ала дайындалдық. Сондай-ақ, бізде 50 метрлік қашықтық бар, ол ашық атыс алаңында өткізіледі және жақсы ату үшін барлық ауа-райы жағдайлары ескеріледі. Біз атқан күні ауа райы өте жақсы болды,  жаңбыр жауған жоқ, тіпті қатты жел де болған жоқ», - деді Александра Ле.

Оқ ату командасының өкілі Ислам Сәтпаев бұл психологиялық дайындық пен техникалық жағы өте маңызды техникалық спорт түрі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ 2012 жылы спортқа достарының ұсынысы бойынша келгенін және онымен кәсіби түрде айналысуға  шешім қабылдағанын айтты.

Ұлттық құраманың қоржынына тағы бір қоланы спорттық гимнастикада өнер көрсететін Нариман Құрбанов алып келді, ол үшін Азия ойындары осы маусымда аяқтаушы болды.

«Биылғы жылы Азия ойындары әлем чемпионатымен тұспа-тұс келді. Яғни, лицензиялық әлем чемпионаты және біз үшін аса маңызды Азия ойындары турнирі бір күнде өтті. Біз қиын шешім қабылдадық, мені команда көшбасшысының бірі ретінде жалғыз өзімді Азия ойындарына жіберді, ал қалған команда әлем чемпионатына баратын болды. Себебі, медальдар, лицензиялар барлық турнирлерден қажет болды. Бірақ, біз сәтті өнер көрсеттік, Азия ойындарында біздің спорттан  шамамен 15 жыл ішінде алғаш рет медаль тиді, 20 жылдан астам уақыт ішінде Әлем чемпионатындағы алғашқы медаль және  Олимпиада ойындарына лицензия Милад Каримиден келді . Енді алда Әлем Кубогының лицензиялық кезеңдері өтетін ақпан айына дайындық күтіп тұр», - деп бөлісті ол.

2023 жылғы грек-рим күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері Азат Садықов Азия ойындарыныңм жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Нәтижелерге келетін болсақ, спортшының пікірінше, көпшілікке сәттілік жетпей қалған. 

«Мен  нақты грек-рим күресі туралы айтайын, бәлкім, біреудің жолы болмаған шығар, дайындық жақсы болғанымен, барлығы жүз пайызға дайын болды және біз жыл бойы дайындалдық. Маған келетін болсақ, жарақаттарды емдеп, келесі жарыстарға дайындалу керек. Бірақ, жалпы айтқанда, біреуге мотивация, біреуге демеушілер жетпей қалған шығар. Балалардың біреуіне келесі қадам жетпей жатады, көбісі спортты басында-ақ тастап кетеді», - деді А. Садықов.

Су добынан Қазақстанның ерлер командасы да қола медаль жеңіп алды. Бұл спорт түрі Қазақстанда аса дамымағанымен, жас ұрпақтың белгілі бір қызығушылығы бар, деп атап өтті ватерполист және қола жүлдегер Рустам Укуманов.

«Біздің өз чемпионатымыз жоқ, жас ұрпақ ойнап, жаттығып жатқанмен, содан кейін олар өздерінің спорттық мансабын жалғастыра алатын клуб жоқ. Бізде отыз жыл бойы бір ғана клуб бар. Адамдар су полосы туралы білмейді - бәрі бұл спортты су түбіне жеткізу дейін ойнайды деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес, біз ережелерге сәйкес түбіне тигізбеуіміз керек, ол кем дегенде екі метр болуы керек», - деді Р. Укуманов

Жағажай волейболының спортшылары да қиындықтар туралы айтты. Құмда ойнау үшін спортшыларға тиісті  жағдай қажет, ал ол іс жүзінде жоқ және қазіргі уақытта қол жетімді болмай отыр.

«Жылдың 6-7 айында біздің құмда жаттығу мүмкіндігіміз жоқ. Қазан мен наурыз айлары аралығында біз қатал климаттық жағдайларға байланысты ашық ауада жаттығуға мүмкіндігіміз жоқ. Жағажай волейболының ең үлкен проблемасы - бізде құмы бар спорт залы жоқ. Егер бұрын федерацияның жақсы қаржыландыруымен бізде жылы елдерде жаттығуға, Таиландта, Бразилияда, Испанияда оқу-жаттығу жиындарынан өтуге мүмкіндік болса, қазіргі уақытта волейбол федерациясының қаржылық қолдауы болмаса, біз спорт залында жаттығуға мәжбүрміз. Бұл біздің негізгі маусымға дайындығымызға кері әсер етеді. Алматы қаласында құмы бар шағын спорт залын салу мүмкіндігі бар деп үміттенеміз», - деп бөлісті жағажай волейболынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Денис Ровкин.

Соңында Азиада жүлдегерлері алматылықтар мен бүкіл ел тұрғындарын спорт залдарына келуге, спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ, спортшылар келе жатқан Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады.