Тәліптер Қазақстаннан отын мен бидай сатып алуға мүдделі

Тәліптер Қазақстаннан отын мен бидай сатып алуға мүдделі
Сурет:Dw.com

Талибандықтар Ресейден басқа елдермен де сауда-саттық жүргізуге ниетті.

Ауғанстан Үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, Ресеймен сауда байланысы осы аптада басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

Талибан Сауда министрлігінің ресми өкілі Абдул-Салам Джавадтың айтуынша, Ауғанстан Үкіметі  Иранмен, Түрікменстанмен және Қазақстанмен де осындай келісімге келуге ниетті. Бұл ішкі нарықтағы бағаны тиімді бақылап, жеке секторға зиян келтірмеуі үшін қажет.

Талибан - Қазақстанда, Ресей Федерациясында және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған террористік ұйым.