Түркістанда үшем дүниеге келді

Түркістанда үшем дүниеге келді
Сурет: Inform.kz

Түркістан облысында жас ана дүниеге үшем әкелді 

Түркістан облысының №2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«22 жастағы Гүлмира Мирзаева №2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 г, 2 310 г, 1 980 г болған», - делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшем перзентханадан шығуға әзір. Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көп балалы ана - үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.