Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының міндеттері мен оны іске асыру жолдары» атты кезекті XXV сессиясы өтеді.

2023 жылдың 29 маусымында сағат 15.00-де республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың төрағалығымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының міндеттері мен оны іске асыру жолдары» атты кезекті XXV сессиясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға Алматы қаласы аудандары әкімдерінің орынбасарлары, жекелеген қалалық басқармалардың басшылары, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысады.