Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бауыржан Қабдол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Бауыржан Қабдол Жалелұлы тағайындалды. 

Бауыржан Қабдол 1978 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің көлік колледжін, Орталық Азия университетін, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік және коммерциялық секторларда жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы маусымнан бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.