Алматы ипподромы шақырады

Алматы ипподромы шақырады
Сурет: Yandex.kz

21 мамыр күні сағат 12:00-де Алматы ипподромында асыл тұқымды жылқылардың  классикалық және тегіс жарысы өтеді.

Шара аясында құнан бәйге, аламан бәйге, қыз қуу, секіру (кедергілерден өту), сондай-ақ атқа міну және пони жарысы бойынша көрсетілім қойылымдары өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарысқа ел ішінде туған және асыл тұқымды құжаты бар жылқылар жіберіледі.

Уақыты мен орны: 21 мамыр сағат 12:00, Алматы ипподромы (Омаров к-сі, 10А).

Кіру тегін.