Алматы дәрігерлерін короновирустың үнділік "Дельта" штамы алаңдатып отыр

Алматы дәрігерлерін короновирустың үнділік "Дельта" штамы алаңдатып отыр
Сурет:Gov.kz.

Алматы дәрігерлерін короновирустың үнділік «Дельта» штамы алаңдатып отыр

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали короновирусқа қатысты сұрақтарға жауап беріп жатыр, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

 «Коронавирустың үнділік Дельта штамынан науқастар саны күрт өсетін болса, оған стационарлар дайын. Бұл штам біз үшін де қорқынышты. Аурулар саны күрт өсуі мүмкін деген болжам жасап та отырмыз. Вирустан сақтанудың жалғыз жолы - вакцина алу. Сақтық жасамай, жайбарақат жүргендер елдегі эпидемиологиялық ауыр жағдайға тез әкелуі мүмкін. Себебі үнді штамы өте ауыр сырқат тудырады» - деді Лаура Мырзағали.   

Оның айтуынша, үнділік штамм да 2021 жылы қаңтарда қабылданған 126 протоколмен емделеді.