Алматы балабақшаларында орын тапшылығын азайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Алматы балабақшаларында орын тапшылығын азайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Сурет: Тengrinews.kz

Биыл 7179 орындық 109 мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 93,4% екенін, кезекте 18 800 бала тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл 7179 орындық 109 мектепке дейінгі ұйым ашылды. 610 жекеменшік балабақшаға 41,5 млрд теңгеге 38 968 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.

2025 жылға қарай 2520 орынды қамтитын 10 мемлекеттік балабақша салу және мемлекеттік білім беру тапсырысын жыл сайын 5000 орынға көбейту арқылы жекеменшік балабақшаларға орналастыру жоспарға енген.