Алматыда 2025 жылға дейін 36 емхана реконструкциядан өтеді

Алматыда 2025 жылға дейін 36 емхана реконструкциядан өтеді
Сурет: Aif.ru

Күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

2023 жылы 2 емхананың құрылысы аяқталып, 6 емхананың құрылысы басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жүкті әйелдерде ұрықты ерте диагностикалау үшін сараптамалық сыныптағы жаңа ультрадыбыстық аппараттарды қолдана отырып, катамнез кабинетін ашу көзделген. Кабинеттер пациенттер ағынына сәйкес орналастырылады, сонымен бірге, бірыңғай стандарт бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова брифингте.

Сонымен қатар, балалар жедел жәрдем орталығының қабылдау бөлмесінің құрылысы аяқталады. 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған 36 емхананы реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланып отыр.