Ауғанстанда мұғалималар мен оқушы қыздарды мектептерге кіргізуге тыйым салынды

Ауғанстанда мұғалималар мен оқушы қыздарды мектептерге кіргізуге тыйым салынды
Сурет: Aif.ru

Студент қыздар үшін дәрістер белгісіз уақытқа тоқтатылады.

Ауған елінде бұдан былай әйел мұғалімдерге мектептерде сабақ беруге тыйым салынды, ал бастауыш сыныптарының оқушы қыздары мектептерге бара алмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Кабул мектептерінің басшылығы әйел мұғалімдерге Талибанның (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) бұйрығына байланысты жұмысқа келуге болмайтынын ескертті.

Сондай-ақ, тәліптер бұған дейін білім алуға рұқсат берілген қыздарды да үйлеріне қайтарып жатыр. Ал Кабул университеттерінің бірінде есікте студент қыздарды кіргізбеу туралы ескерту ілінген.

Талибан Үкіметінің бұйрығы бір күн бұрын жарияланды - Ауғанстандағы студент қыздар үшін дәрістер белгісіз уақытқа тоқтатылады.