Алматы автопарктерінде түнгі кезекшілік ұйымдастырылды

Алматы автопарктерінде түнгі кезекшілік ұйымдастырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қоғамдық көлік үзіліссіз қызмет көрсетуде: Алматы тасымалдаушылары аязға  дайындауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауа температурасының күрт төмендеуі мен 12 желтоқсанда жауған қалың қарға қарамастан қоғамдық көліктің шығуы 91% болып, үзіліссіз жұмыс істеді. 

Бұған дейін қалалық Мобильділік басқармасының нұсқаулығымен қаладағы тасымалдаушы мекемелер көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау бойынша қажетті іс-шара жүргізген еді. Алайда автобустарды жолға шығару кезінде ауа-райына байланысты техникалық ақаулар анықталып жатты. Сол себепті автобустардың бір бөлігі қызмет көрсетуге жарамсыз болды. 

Бұл ретте тасымалдаушылар тарапынан ақауларды жою бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Барлық автопарктерде кезекшілік ұйымдастырылып, жауапты қызметкерлердің жұмысы күшейтілді. Түнде желіге уақтылы шығу үшін қозғалтқышты бірнеше рет жылыту жүргізіледі. 

Айта кету керек, рейстердің жүйелілігіне қала бойынша орын алған үлкен кептелістер де әсерін тигізді. Коммуналдық қызметтер қаланың барлық аумағында қар тазалау және жолдарды тазалау жұмысын қарқынды жүргізуде. Синоптиктердің айтуынша, бір күнде жауын-шашынның айлық мөлшерінің 28%-ы түскен. Бүгінде Алматыда 176 тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттар бар. Барлығы 2297 бірлік автобус пен троллейбус қызмет көрсетеді. Маршруттарға "Алматыэлектротранс" ЖШС 23 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі қызмет көрсетеді.

Биыл газбен жүретін 600 автобусы мен 100 троллейбус сатып алынды. Сондай-ақ, жеке автопарктер де қосымша жылжымалы бірліктерді сатып алуда. Бұл шара қаланың қолданыстағы автопаркін айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік береді.