Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы ІІД болды

Алматы қаласы мәслихатының  жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы ІІД болды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Еске салсақ, қаңтар айының қазалы күндері террористер ішкі істер департаментінің ғимаратына 27 рет шабуыл жасаған. 

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың төрт бұрышынан тұтқиылдап бірнеше шабуылдар жасалған. Террористер суық қарудан оқ жаудырып, дыбыс шығаратын  гранаталар, Молотов коктейлдерін, сонымен қатар тас пен құрылыс материалдарын қару ретінде қолданған. Қазіргі уақытта шығын мен нысанға келтірілген зақым көлемі есептелуде.  ІІД алдын ала есебі бойынша,  5 фронт-кеңсе зақымданған. Полиция департаментінің ғимараты, Алмалы аудандық полиция басқармасына да лаңкестер шығын келтірген. Сондай-ақ, 19 модульді және 13 экологиялық полиция бекеті зардап шеккен. 

Мәслихат депутаттары полицияның автопаркіндегі жағдаймен де танысты. Бассыздықтардың кесірі мен лаңкестік шабуылдар нәтижесінде 165 қызметтік көлік жарамсыз күйге ұшыраған. Оның 53-і өртенсе, 64-і мүлде қалпына келтіруге жарамайды. 

«Біздің комиссияның мүшелері мен мәслихат депутаттары бейбіт азаматтарды қорғау мақсатында  жанкештілік танытып, қаза болған ержүрек батырлардың жақындарына қайғыра көңіл айтады. Біз үшін әр адамның өмірі қымбат, сол себепті де бейбіт және тәуелсіз ел болып дамып келе жатқан алтын шаңырағымыз Қазақстанды сақтау өте маңызды. Құқық бұзушылардың келтірген залалын бағалау  және полицейлердің жұмысын үйлестіріп,  талқылау үшін Алматы полиция департаментіне арнайы бардық.  Соңғы оқиғаларға байланысты қалалық билік пен полиция бірігіп қырағы болады. Тонау, қарақшылық шабуылдар,  бұзақылық және лаңкестік әрекеттер сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға көбірек күш салатын болады», - деп санайды Алматы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері.