Алматы әуежайы маңынан мәйіт табылды

Алматы әуежайы маңынан мәйіт табылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы әуежайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдікті бірге ішу негізінде жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.