Алматы әкімдігі сыртқы жарнама объектілерін орнату Ережесін әзірледі

 Алматы әкімдігі сыртқы жарнама объектілерін орнату Ережесін әзірледі
сурет inbusiness.kz алынды

Бұл туралы қалалық жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Еркебұлан Сембаев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігі қаладағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату тәртібін айқындайтын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірледі және бекітті.

«Ереже жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарнамалық конструкцияларға қойылатын талаптарды белгілеуге, қала орталығын тазалауға, қала бойынша жарнамалық конструкцияларды біркелкі бөлуге, сондай-ақ стихиялық жарнама мен ірі форматты конструкциялардың үлесін азайту арқылы қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманың суреттерін орналастыру ережелері әзірленді және бекітілді, олар сыртқы (көрнекі) жарнаманың суреттерін орналастыру тәртібін анықтайды», - деді ол.

Бұл Ережелерде құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салатын норма қарастырылған. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 6 ай бойы осы норманы келісуден бас тартып, төмен тұрған нормативтік-құқықтық актінің заңнамалық актіге («Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңына) қайшы келмейті дегенді  алға тартуда. 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салу бойынша одан әрі шаралар қабылдауда.