Алматы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

Алматы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

- «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;

- «ТриА Холдинг» ЖШС;

- «Ремстрой» ЖШС;

- «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);

- «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);

- «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);

- «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);

- «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн.