Алматы – адамдарға арналған жаһандық қала

Алматы – адамдарға арналған жаһандық қала
сурет: Egemen.kz

Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобаны жалпы талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Құжаттың басты мақсаты – мегаполистің барлық тұрғындарының өмір сүру деңгейін сапалы арттыру.
Алматы ең ірі қала, 3 млн. адамнан астам халық тұратын агломерация орталығы. Еліміздегі сауда операцияларының 36%- тен астамы Алматыда жасалады. Елдің ЖІӨ 1/5-ке жуығын,  ҚР бюджеттік түсімдерінің 1/4-тен астамын біздің қаламыз береді. Сонымен қатар шаһарда ҚР студенттерінің 30%-і (255 мың), 8 ЖОО QS World University Rankings 21/22 үздік 1000-та бар.  Алматыда 322 мәдениет ошағы бар. Спорт объектілері де ең көп шоғырланған (3,6 мың).
Алматы халқы соңғы 10 жылда 500 мыңнан астам адамға өсті, сонымен бірге қаланың әлеуметтік, көлік және басқа да инфрақұрылымына түсетін жүктеме едәуір өсті. Қазіргі өзгермелі жағдайда қалалардың дамуында заманауи жаһандық үрдістер ескерілуі тиіс.
Бүгінде  қала тұрғындарын
- 49%-ін төменгі табыс деңгейі,
- 37%-ін жұмыссыздық және жұмысқа орналасудағы қиындықтар
- 54% сауалнамаға қатысқан Алматы тұрғындарын азықтүлік, бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының, ТКШ қызметтері тарифтерінің өсуі алаңдатады екен.
Құжатта қордаланған мәселелерді, халықаралық тәжірибені, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін, Алматының тарихи рөлін, оның мәртебесін, экономикалық әлеуетін және ағымдағы ахуалды ескере отырып анықталған қаланы дамытудың қысқа және орта мерзімді басымдықтары көрсетілген. 
Өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдыра аласыз.