Алмалы ауданындағы 223 мың ағаштың 25%-ы қауіпті жағдайда тұр

Алмалы ауданындағы 223 мың ағаштың 25%-ы қауіпті жағдайда тұр
Сурет: 2ГИС

Құлайын деп тұрған 660 ағаш кесілді.

Кесілген ағаштардың орнына 100 көшет отырғызылып, қараша айының соңына дейін жалпы саны 2,5 мыңға дейін жеткізілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігі жыл соңына дейін 2 қоғамдық кеңістікті: «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» төмен жағындағы скверді және К. Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жаңғыртуды аяқтап, Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Панфилов көшелерінің бөлігінде тағы бір  паркті ашады.

Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 25 үйдегі 60 лифт жабдығы ауыстырылып, 4 үйдің жалпы мүлкі (шатыры, қасбеті және т.б. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қайтарымды негізде) жөнделді.

2022 жылдың соңына дейін қосымша 2 үйде тағы 3 лифт ауыстырылады және 8 үйде ортақ пайдаланылатын мүлік жөнделеді.

Бүгінгі күні әкімдік 2 ауланы (Чайковский көшесі, 25 және Шагабутдинов көшесі, 45) күрделі жөндеуден өткізді, қалған 3 аула (Абай даңғылы, 163, Түркебаев көшесі, 42, Төле би көшесі, 273/4) осы жылдың 15 қарашасына дейін аяқталады.

Биыл 40 шағын қабатты тұрғын үйдің фасады жөнделді және 15 қарашаға дейін қалған 4 фасад (жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен) жөнделеді.

Алмалы ауданы қаланың тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар оның ең жасыл аудандарының бірі. Ауданның жасыл қоры шамамен 223 мың ағашты құрайды, оның 25%-ті апатты немесе ауыр жағдайда.

Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасы шеңберінде 5 400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. Аула аумақтарымен бірге ортақ пайдаланылатын жерлердегі авариялық жағдайдағы 660 ағаш кесілді.

Жыл соңына дейін тағы 490 авариялық жағдайдағы ағаш кесіледі. 

Кесілген ағаштардың орнына Алмалы ауданының аумағында 100 көшет отырғызылып, қараша айының соңына дейін олардың жалпы саны 2,5 мыңға дейін жеткізілетін болады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін: адамдар көп жиналатын орындарға (118 камера), аулаларға (200 камера) және көше қиылыстарына (223 камера)

«Қолданыстағы 947 камераға есептелген 177 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешеніне қосымша (44 – желілік учаскелерде, 133 – көше қиылыстарында) 400 камераға есептелген 38 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешені (22 – желілік учаскелерде, 16 - көше қиылыстарында) орнатылады. Жалпы, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Алмалы ауданындағы камералардың жалпы санын 1 469 бірлікке дейін көбейтеміз. Биыл Әкімдік тұрғындардың өтініштері бойынша жарық орнатылмаған жерлерге қосымша 40 көше жарықтандыру тірегін орнатып, 6 көшенің (Астана алаңы, Панфилов, Арбат, Байзақов, Моңғол, Әйтеке би көшелері, Желтоқсан көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) ескі жарықтары жаңартылды және осы жылдың соңына дейін тағы 2 көше: Розыбакиев және Байтұрсынов жаңғыртылады. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Сіздердің аудандарыңызда 800 млн. теңге сомасына 39 жоба (100%) орындалды», деді қала әкімі тұрғындармен кездесуде.

Автосуғару жүйесімен жабдықтау жұмыстары аяқталды. «АРО», «АЗТМ» 2 сквері, сондай-ақ Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін Гагарин, Байтұрсынов көшесінен Шәріпов көшесіне дейін Бөгенбай батыр және Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін Қарасай батыр көшелеріндегі бульварлар кешенді түрде көгалдандырылды.

Сондай-ақ 8 қоғамдық және 21 аула орындары абаттандырылды (1 спорт және 1 балалар алаңы, 1 иттерді серуендетуге арналған алаң, 3 көмілген қоқыс алаңы салынды,2 алаңның резеңке жабыны жаңартылды және 21 аула жөнделді).

2023 жылға дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 171 ұсыныстың ішінен 800 млн. теңге сомасына 18 жоба алдын ала іріктеп алынды.