Алмалы ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынып жатыр?

Алмалы ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынып жатыр?
Сурет: Egemen.kz

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында әлеуметтік инфрақұрылымның қалай өзгеретіні туралы айтты. Жалпы ауданда балаларды орта біліммен қамту жағдайы қолайлы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала бойынша аудан оқушы орындарының тапшылығынан ең төменгі  көрсеткішке ие. Жалпы контингенті 38 мың оқушы құраса, 1137 оқу орны жетіспейді. Сондай-ақ артық мектептер бар.

Жаңа тұрғын үйдің іске қосылуын және халықтың өсуін ескере отырып, тапшылықты одан әрі азайту үшін мектептер мен қосымша ғимараттар салу бойынша жоспарлы жұмыс іске асырылуда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алмалы ауданында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық жаңа мектеп салынып, 2024 жылдың 4 тоқсанында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтайды», - деп хабарлады А.Жақыбаев. 

Әкімдік 300 орындық №16 мектепке қосымша құрылыс салуға және ағымдағы жылдың 4-тоқсанында сараптамасы өтетін №58 мектепке спорт және акт залдарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлейді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды басталу күні 2024 жылдың сәуірі (конкурстық рәсімдерді ескере отырып).

2024 жылдың 1 тоқсанында Жароков көшесіндегі №134 және №135 мектеп ғимараттарын күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейту бойынша мемлекеттік сараптама актісі дайындалады деп күтілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды басталу күні – 2024 жылдың мамыры.

Биылғы жылы №15 гимназияға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, қараша айында №136 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарымен сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жұмыс 2024 жылдың тамыз айында аяқталады.

Айдар Жақыбаев денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайына кеңірек тоқталды. Алмалы ауданында емханаға барлығы 400 мыңнан астам адам тіркелген, 6 мемлекеттік, 12 жеке (мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді) емхана жұмыс істейді.

«Көптеген қала тұрғындарын Абай-Масаншы бойындағы бұрынғы теміржол ауруханасы ғимаратының тағдыры әлденеше рет алаңдатқан. Ғимараттың тарихи келбетін сақтау мақсатында Алматы қаласының әкімі заманауи үлгідегі «Қалалық балаларды оңалту орталығын» ашу туралы шешім қабылдады», - деді аудан әкімі. 

Бүгінгі күні біз қалалық құрылымдармен бірлесе отырып, тексеру жүргізіп, ғимараттың қауіпсіздігін және қоршауын қамтамасыз еттік. Реконстркциялауға қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 

Тағы бір нысан бойынша, Әйтеке би көшесінде (ескі ғимаратты бұза отырып, қалалық ревматологиялық орталықтың орнына) 500 келушіге арналған жаңа емхана салу бойынша сараптама әзірленіп жатыр. 

Бүгінгі күні №3 емхана ғимараты мен қалалық Адам репродукциясы орталығын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау ағымдағы жылдың 4 тоқсанының басына жоспарланған.

2024 жылы №1 Перзентхананың тозған корпусын бұзу (1937 жылы салынған) және заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа корпус салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау-2024 жылғы 3 тоқсан.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 2-тоқсанында Райымбек даңғылы, 312 мекенжайы бойынша психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының құрылысы басталады.