Биыл жаңа 300 автобус сатып алынады

Биыл жаңа 300 автобус сатып алынады Сурет: Gov.kz

Бүгінгі кездесуде қаламызда әлі де толық шешімін таппаған қоғамдық көлік мәселесі де тыс қалмады.


Тұрғын сұрағы:


- №125 автобустың интервалы 40 минут. Ол «Көкжиекке» дейін барады, мен өзім осы автобуспен жүремін. Осыны реттеуге бола ма?



«Маусым айына дейін жаңа автобустар алынып жатыр. №125 автобус толығымен жаңарады. №69 маршрутта 8 метрлік автобустар жүр, оны да 10 метрлік автобусқа ауыстырамыз. Қазір 10 автобус жүруі керек, бірақ қазір 6 қоғамдық көлік жүреді. Жаңа автобус келген соң, 12 автобус шығарып интервалын азайтып береміз», - деді Алматы қаласы қалалық мобилділік басқарма басшысы Сағындық Телібаев.



Бұған қоса қала әкімі Ерболат Досаев: «Президент тапсырмасы бар. Биыл 300 жаңа автобус сатып алайын деп жатырмыз. Бірақ мүмкіншілік болса, тағы 200-дей автобус алуға тырысамыз», - деп нақтылай кетті.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31