Алмалы ауданында 131 үйдің тозығы жеткен

Алмалы ауданында 131 үйдің тозығы жеткен
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда ескі тұрғын үйді реновациялаудың жаңарған бағдарламасын әзірлеу аяқталып қалды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуге келген қала тұрғындары қала басшысына сұрақтарын қойды.

Алмалы ауданы тұрғынының сұрағы:
- Масанчи көшесі, 23а мекенжайдағы үй 1938 жылы салынған, қазіргі жағдайы нашар. Осыған қатысты қашан және қандай шаралар қабылданады? 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Қазір біз  жаңарған реновациялау бағдарламасын дайындаудың соңғы сатысындамыз. Бағдарлама ішінде біз қаланың қандай мүмкіндіктері болатынын қарастырамыз. Өкінішке орай, қалада бұзуды немесе жөндеуді қажет ететін тозығы жеткен тұрғын үй қоры өте үлкен. Қала балансында мұндай ақша жоқ. Инвесторды табу мүмкін болмай жатыр. Көп қабатты автотұрақ салу туралы ұсынысы бар нұсқаға мен рұқсат бермеймін. 

Алмалы ауданында 131 үй ескірген болып саналады. Сіздікі де тізімге енгізілген. Біз былайша келісейік, қаланың мүмкіндігіне қарай не істеу керектігін көреміз. Егер біз бюджет қаражаты есебінен сатып алып, сізді көшіре алсақ, мен мұны істеймін.