«Алмагүл» жаңа электр станциясы шілде айында іске қосылады

«Алмагүл» жаңа электр станциясы шілде айында іске қосылады
Сурет: ашық дереккөз

Бостандық ауданында жаңа «Алмагүл» қосалқы станциясына 4,8 км электрмен жабдықтау желісі тартылды. Оны шілде айының соңында іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл шамамен 200 мың тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының желісі бойынша шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 1,5 км кабельдік желілер ауыстырылып жатыр, ол жыл соңында бітеді», - деді әкім. Маусым айында ауданның қосылған аумақтарында Ерменсай және Ремизовка шағын аудандарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Аяқталуы – 2024 жылдың сәуірі.