Аллергиядан құтыламын десеңіз...

Аллергиядан құтыламын десеңіз...
Сурет: ашық дереккөз

Аллергия мазалап, жаныңызды жабырқатып жүрген болса невролог Ұлжалғас Сманова кеңесіне құлақ түріңіз.

Дәрігер өзінің инстаграм парақшасында аллергиядан арылудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дәрігер аллергиядан арылу үшін адам өз әдеттерін өзгертуден бастау керегін айтты.

«Аллергияға кінәлі тал-ағаш та, шөп-шөңге де емес, алдымен - өзіміз», - деді дәрігер.

Ұлжалғас Сманованың айтуынша, маусымдық аллергияның ең басты 2 себебіне мынадай:

ағзаның әбден ластануы және улануы;
паразитоз.


«Режимсіз өмір сүру, дұрыс тамақтанбау, сол арқылы ағзаны қоқысқа толтыру, қарапайым су мен ұйқы режимін сақтамау, жоқтан өзгеге уайымдау, күйзеліспен дос болу, бәрі-бәрі ағзаны әлсіретіп, иммундық жүйеміздің сыртқы тітіркендіргіштерге қатты сезімталдығын оятады. Соның салдарынан көп шөптердің тозаңы, құс-жануарлардың жүні, ауадағы шаң-топырақ, жәндіктер, қыл-аяғы шақырайған күннің көзіне де шыдай алмайтын нашар күйге жетеміз», - деп жазды маман.

Дәрігер талай жылдар бойы тоздырған ағзаны қалыпқа келтіру оңай емес екенін айтып, десе де мына қадамдардан бастауға кеңес берді:

Тамақтану тәртібін дұрыстайсыз. Дәмді, дәруменге бай емдік мәзір арқылы ауқаттануға көшесіз;
Ең тиімді әрі пайдалы, ағзаға еш қауіпсіз процедуаралар арқылы ішек құрылысыңызды тазалайсыз;
Ұйқы және су ішу режимдерін реттейсіз;
Қанайналымды, өт пен ішек жұмысын жақсартатаын жаттығулар жасайсыз;