Александр Герлиц парабиатлоннан әлем кубогында қола жүлдегер болды

Александр Герлиц парабиатлоннан әлем кубогында қола жүлдегер болды
Сурет: Ашық дереккөз

Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады

Александр Герлиц парабиатлоннан Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, бірінші орынға ие болды.

Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты.

Айта кетсек, парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді.

Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

Екінші кезең АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады.