Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Мейірім Нұрсұлтанов  жекпе-жегі кейінге қалдырылды
Сурет: Кaz.vesti.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8КО) пен ресейлік боксшы Андрей Сироткин (19-1-1, 7КО) арасындағы жекпе-жектің датасы ауысты

Бұған дейін айқас 22 қаңтарға жоспарланған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жарияланды.

Енді жекпе-жек 5 ақпан күні Ақтауда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

Сироткин сәуір айындағы соңғы кездесуінде Ұлыбританияда жергілікті боксшы Дэнни Дигнуммен тең түскен еді.

Ал Мейірім Нұрсұлтанов бұған дейін шаршы алаңға маусымда шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Дмитрий Атроховтан басым түсті. ⠀

Айта кетейік, қазақстандық боксшы – орта салмақтағы WBC (USNBC) чемпионы. Беделді BoxRec.com порталы Нұрсұлтановтың бұл жекпе-жегіне үш жұлдыз (ең көбі – бес жұлдыз бола алады) деген баға беріп отыр.

Бұл - Мейірімнің спорттық мансабындағы ең жоғары баға. Бұған дейінгі кездесулерінің бәрі екі жұлдыздан аспаған еді.