Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады
Сурет: Gtrk.tv

Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстан синоптиктері ауа райы болжамын айтты. Бұл болжам бойынша, алдағы тәуліктерде күн салқындайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Баяу қозғалатын оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды, осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», – делінген РМК «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде +2-ден +10 градусқа дейін, күндіз +15-тен +20 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде +7-ден +18 градусқа дейін, күндіз +22-ден +35 градусқа дейін төмендейді. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде +15-тен +23 градусқа, күндіз +25-тен +37 градусқа дейін өзгереді.