Алдағы жылы 37 мың адам әскерге шақырылады

Алдағы жылы 37 мың адам әскерге шақырылады
stan.kz

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда 37 056 адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр, деп  хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады. 2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мыңды құрады.

Еске салайық, таяуда генерал-майор, "ҚР Қарулы күштері ардагерлері" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нағұманов әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеруді ұсынған болатын.

"Қазір елімізде жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін көтерілуде. Бұл – халықаралық үрдіс. Тиісінше, мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет", – деп түсіндірді бұл ойын генерал-майор.