Алдағы жылдары ет, бидай, сүт өңдеу жобаларына басымдық беріледі

Алдағы жылдары ет, бидай, сүт өңдеу жобаларына басымдық беріледі
Сурет: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды.

Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық беріледі. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Премьер-Министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.

Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті.