Алдағы үш күннің ауа райы болжамы

Алдағы үш күннің ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Күнтізбеде көктем болғанымен, қыс аяқтала қоймайды.

«Қазгидромет» 29 ақпан-2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің хабарлауынша, күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен күн жылынбайды. 

«Күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен қыс аяқтала қоймайды. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынына қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады», делінген хабарламада.