Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады
Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер 20-22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді. Соның нәтижесінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклон әсерімен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді.