Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Сурет: Vesiskitim.ru

Ауа райы құбылмалы болады және қар жауады.

«Қазгидромет» мамандары 10-12 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы болады және қар жауады.

Тек еліміздің батыс, оңтүстік, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, оңтүстік және оңтүстік – шығыста тұман түседі.

Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 18-30 градустан 12-22-ге дейін, солтүстікте 17-30-дан 10-26-ға дейін, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін суық болады.

Ал еліміздің шығысында 15-35 градустан 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте минус 30 градустан 7-20-ға дейін түседі. Оңтүстік-шығыста 12-25 градус аяз күтіледі.