Танымал балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті

Танымал балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті
Сурет: Mail.kz

Хореография өнерінің тарланы 70 жаста болған.

Еліміздің хореография өнерінің тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театры балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрқалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Хореография өнерінің тарланы Тұрсынбек Нұрқалиев - Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесінің түлегі. 1970-2000 жылдары аралығында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында балет солисі болды. 2002 жылы Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.

2000-2013 жылдары – К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры балет труппасының бас балетмейстері.