Алдағы күндері қатты ыстық болады

Алдағы күндері қатты ыстық болады
Сурет: Novosti.kg

Кей өңірлерде ауа температурасы +40 +45°С дейін көтеріледі. 

«Қазгидромет» мамандары 26-28 шілдесіне арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 

«Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°С-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса, ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық ауа райы сақталады: +40 +45°С.