Еліміздің тағы бір қорығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік желісіне кірді

Еліміздің тағы бір қорығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік желісіне кірді
Сурет: Ortcom.kz

Қазақстанның шығысындағы Марқакөл мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне кірді.

Бұл – осы тізімнен орын алған еліміздің үшінші ерекше қорғалатын табиғи аумағы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін планетаның «жасыл» стандартының беделді қатарын 2017 жылы Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі толықтырса, 2020 жылы бұл тізімге Батыс Алтай қорығы қосылды. Сарапшылардың пікірінше, табиғатты қорғау мекемесінің халықаралық биосфералық резерваттар желісіне қосылуы ғылыми жобаларды кеңінен жүргізуге жол ашады. Марқакөл қорығының жалпы ауданы 103 мың гектарды алып жатыр. Сондай-ақ, бұл – Қазақстанның ең суық бұрышы, тіпті жазда да түнде температура нөлге дейін төмендейді. Флорасы мен фаунасы да алуан түрлі.