Алдағы күндері аяз сынады

Алдағы күндері аяз сынады
ru.sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыша суық антициклон ықпалында болады. Республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты қар жауып, боран болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады.

Аяз біртіндеп басылады, Батыста түнде 5-15, күндіз 0-5 градус аяз, солтүстікте түнде 18-28, күндіз 12-17 градус аяз, орталықта және шығыста түнде 22-30, күндіз 13-20 градус аяз болады, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25, күндіз 8-18 градус аяз болуы ықтимал.