Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy

Күн жылы болады.

«Қазгидромет» мамандары 26-28 күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.  

«Күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады. Батыс пен таулы аудандарда, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құмды дауыл мен жел күшейеді.