Алатауда 750 жаңа бейнекамера орнатылады

Алатауда 750 жаңа бейнекамера орнатылады
almaty-akshamy.kz

Ауданда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында осы жылдың соңына дейін  750 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ауданда жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында  96 «Сергек» кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы I тоқсанда тағы 97 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Осылайша, аудан бойынша 193 «Сергек» камерасы қызмет көрсетеді.

Көшені толық жарықтандыру үшін 2022 жылы Алатау ауданының 135 көшесіне сыртқы жарық орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданның жарығы жоқ 123 көшесі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. 2025 жылы аудан 100% көше жарығымен қамтылады.