Алатау ауданында алғашқы шығармашылық орталық ашылады

Алатау ауданында алғашқы шығармашылық орталық ашылады
Сурет topuch.com алынды

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Орталық балалардың бос уақытын, оқуын, демалысын, спортпен шұғылдануын және олардың мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған. Мұнда түрлі студиялар, секциялар мен шығармашылық үйірмелер болады.  

«Балаларымызды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін сіздердің аудандарыңызда алғаш рет аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алатын инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталып келеді. Құрылыс мамыр айында аяқталады», - деді қала әкімі.