Алатау ауданында 53 көше жөнделіп жатыр

Алатау ауданында 53 көше жөнделіп жатыр
lomolenobl.ru

Алатау ауданының жол инфрақұрылымы қалай жақсарып жатқанын қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жыл басынан бері ауданның ұзындығы 42 шақырым болатын 53 көшесіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Рысқұлов, Райымбек даңғылдары, Жаңа Саин, Өтемісұлы көшелері, сонымен қатар, "Дархан", "Саялы", "Ұлжан", "Өжет", "Көк-Қайнар" ш/а жұмыстар аяқталды.

15 қарашаға дейін "Алғабас" және "Ақбұлақ" шағынаудандарында жолдарға орташа жөндеу аяқталады.
Қазір жөндеу "Көк-Қайнар", "Әйгерім-1, 2", "Саялы", "Самғау", "Зерделі" ш/а 35 көшедегі және индустриялық аймақ аумағындағы жұмыстар аяқталды.

"Алғабас" ш/а өткен жылдан бастап 32 шақырым жаңа жол құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл жұмыстар 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Келесі жылдың III тоқсанында сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу аяқталғаннан кейін "Шаңырақ-1" және "Шапағат" ш/а 13 км жаңа жол құрылысы басталады.