Алаш зиялыларына арналған мемориалдық кешен салынады

Алаш зиялыларына арналған мемориалдық кешен салынады
Сурет: Іnform.kz

240 га аумаққа музей, демалыс орны және этноауыл орналасады.

Мемориалдық кешен СҚО, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылының маңында бой көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жерде 1918 жылы Міржақып Дулатов бастаған алашордашылардың ұйымдастырумен үлкен жиын өткен. Оған Алаш қайраткерлері, Көкшетау және Петропавл уездерінің болыстары қатысқан.

Алаш зиялыларына арналған мемориалдық кешен 3 жылда салынып, жоспар бойынша 2025 жылы ашылады.