Алакөлде суға батқан жүргізушінің денесі табылды

Алакөлде суға батқан жүргізушінің денесі табылды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Суға батқан адамның денесі 28 метр тереңдіктен шығарылды.

Суға батқан жүргізушінің денесін Алакөл көлінде сүңгуір құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ТЖ телеграм каналына сілтеме жасап.

2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен. Мұз жамылғысының сынуы салдарынан көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке қарай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті.

14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.

Құтқару жұмыстарына 4 адам 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.