АКҚЗ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов: Екпе алып өміріңізді сақтаңыз 

АКҚЗ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов: Екпе алып өміріңізді сақтаңыз 
vecher.kz

Жыл басынан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру 20 есеге дейін көбейген.  Статистикалық деректер бойынша, күніне шамамен 700-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады. Тәулігіне ауруханаға 483-ке жуық пациент түссе олардың  252 адам емделіп шығады. 

Алматы қаласының мәслихат депутаты Шухрад Шардиновтың айтуынша, бүгінде анықталып отырған «Дельта» штаммы жағдайды қиындатып отыр. Себебі оның салдарынан емделуге мұқтаж науқастар саны тұрақты түрде тіркеліп жатыр. Қазіргі таңда АМСК мобильді бригадалары мен Телемедицина орталығының бақылауында 13 127 пациент бар, олардың 12 564-і аурудың жеңіл және орташа белгілері бар симптомды науқастар болса, 563-інде ауру белгілері байқалмайды. 

Онымен қоса, жедел жәрдем қызметінің жұмысына да сұраныс арта түсті.  Тек Алматының өзінде орташа есеппен бір сағатта Covid-19 жұқтырған 30-ға жуық адам стационарларға жатқызылған, ал ауру өршіген кездерде 130 жұқтырушыға дейін, жұмыс жүгі артқан кезде минутына қауіпті вирусты жұқтырған екі адамнан медицина қызметкерлерінің көмегіне мұқтаж болған. 

«Қазіргі уақытта ауруханалардағы төсек-орынның 70%-дан астамы науқастарға толы. Егер жұқтыру қарқыны бәсеңдемесе, төсек-орын қорының күші жетпеуі де мүмкін. Сол кезде біз сіздермен денсаулық сақтау жүйесінің күйреуіне және науқастардың бәрін ауруханаға жатқызу мүмкіндігінің болмауы салдарынан адам өлімінің көбеюі мәселелерімен ұшырасуымыз мүмкін», - дейді АКҚЗ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. 


 «АКҚЗ» ЖШС қызметкерлері елімізде алғашқылардың бірі болып вакцинация алуды қолға алды. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметкерлерінің  88,5%-дан астамы екпе салдырған. Шухрад Шардиновтың айтуынша, вакцина алушы қызметкерлер саны күн санап көбеюде.

«Құрметті қала тұрғындары, қазақстандықтар, мен бәріңізден алдын алу және сақтық шараларын ұстанып, вакцинацияның барлық кезеңдерінен өтуге, өздеріңіз бен жақындарыңыздың, туған-туыстарыңыздың өмірлеріне қауіп төндірмеулеріңізді сұраймын. Бәріңізге денсаулық пен амандық-саулық тілеймін», - деді Шухрад Шардинов.