«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Келісімшарт ресми түрде үзілді

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. В.Мазярмен келісімшарт ресми түрде үзілді. Оралдық команда В.Мазярға алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Қазіргі кезде ойыншыларды уақытша қазақстандық маман Алексей Тугушев жаттықтыруда. Ол В.Мазярдың жаттықтырушылар штабында қызмет етті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері орнында қалатын болғанын жазған едік. Ел біріншілігінде Алматыда «Қайраттан» 0:2 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін украиналық маман командадан кететінін мәлімдеген еді. Әйтсе де футболшылармен кездескен соң шешімін өзгертіп, қалатын болған. Онымен іс оңалмады. 8 шілде күні оралдықтар Қазақстан кубогы үшін Қызылорда қаласында өткен ойында бірінші лигада өнер көрсететін «Қайсардан» тағы ұтылды. «Ақжайық» ел кубогы үшін кездесуде 17 шілде күні өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды.